Аудан аймақтары

Қарасу аулыдық округі

   Округ әкімі - Кныбаев Аскарбек Кумарбекович

Кныбаев Аскарбек Кумарбекович 17 қыркүйек 1979 жылы Семей облысы Шар ауданы Қарасу ауылында туған.
2004 жылы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін дене шынықтыру пәні мұғалімі мамандығы бойынша бітірді.
Еңбек жолын 1996 жылы «Асқарбек» шаруа қожалығының жұмысшысы болып бастады. 1999-2014 жылдары Қарасу орта мектебінің дене шынықтыру пәні мұғалімі; 2014-2019 жылдары Қарасу орта мектебінің директоры қызметтерін атқарды.
2019 жылдың 4 қыркүйегінен Жарма аудандық аумақтық сайлау комиссиясының шешімі негізінде Жарма ауданының өкімімен Қарасу ауылдық округінің әкімі лауазымына тағайындалды.

Қабылдау күндері: дүйсенбі - жұма күндері аралығында сағат 9.00 – 18.30 дейін
Телефон: 8-72347-40568

   Функционалдық міндеттер
Ауылдық округтің әкімі заңнамаға сәйкес азаматтардың өтініштерін, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтарын және бостандықтарын қорғау жөнінде шаралар қолданады; бюджетке салық жинауда көмек көрсетеді; жоғары тұрған әкімдікке әкім аппараты әкімшісі шығатын , мәслихатпен сәйкес келетін қаражаттық бағдарламаларды бекіту үшін өңдейді және енгізеді; өз құзыретінің шегінде жер қатынастарын реттеуді жүзеге асырады; округтің мемлекеттік тұрғын үй қорының сақталуын, сондай-ақ ауылдық округтегі  автомобиль жолдарының құрылысын,  қайта құрылуын, жөнделуін және ұсталуын қамтамасыз етеді; шаруа қожалықтарын ұйымдастыруда, кәсіпкерлік қызметті дамытуда көмек көрсетеді; өз құзыретінің шегінде жаппай әскери міндеттер мен әскери қызмет, азаматтық қорғасын, сондай ақ жұмылдыру даярлығы және жұмылдыру мәселелері жөнінде заңнаманы орындауды ұйымдастырады және қамтамасыз етеді; нотариалдық әрекет жасауды, азаматтық хал - жағдайының актілерін тіркеуді ұйымдастырады; табысы аз азаматтарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныстар енгізеді, жалғыз басты кәрі азаматтарға және еңбекке қабелетсіз азаматтарға үйде қызмет көрсетуді ұйымдастырады; қоғамдық көліктің жүруін ұйымдастырады; жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара іс-қимыл жасайды; шаруашылық бойынша кітаптардың статистикалық есебін жүзеге асырады; өз құзыретінің шегінде елді мекендерді сумен қамтамасыз етуді ұйымдастырады және суды пайдалану мәселелерін реттейді; елді мекендерді көркейту, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау бойынша жұмыстарды ұйымдастырады; туыссыздарды жерлеуді және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиісті қалпында ұстау жөнінде қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады; жоғары тұрған әкім алдында өзіне жүктелген функцияларды іске асыруға жауапты. Ауылдық округі әкімінің қызметіне өзге де мәселелерді шешу жүктелуі мүмкін.


Қазақстан Республикасының заңнамалық актысіне сәйкес ауыл, кент және ауылдық округ, аудандық маңызы бар қала әкімі функциясы

1.мектепке дейінгі тәрбие беретін және бастауыш жастағы балалар есебін ұйымдастырады;
2.тірек мектептерін функциялауды қамтамасыз етеді (ресурсты орталықтар);
3.Облыстағы (республикалыќ маңызы бар қаладағы, астанадағы) ауданның, аудандың маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімдігіне облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) даму жоспарына енгізу їшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте байланыс қызметтерін көрсетуді ұйымдастыру жөнінде ұсыныс енгізеді.
4.Бюджеттік қаражат есебінен энзоотикалық жануарлар ауруына профилактика және диогностика жасау тізбесі бойынша ауданның ЖАО ұсыныс енгізу (облыстық маңызы бар қала);
5.ауыл шаруашылығы малдары идентификациясы және ауыл шаруашылық малдары идентификациясы бойынша мәліметтер базасын жүргізуге іс-шаралар жүргізуді ұйымдастыру;
6.ауыл шаруашылығы малдарының жеке нөмірлерін және облыстық маңызы бар, аудандық ЖАО-на ақпаратты жіберу қажеттіліктерін анықтау;
7.ветеринария мәселесі бойынша халық арасында ағартушылық жұмыстарын жүргізу;
8.облыста ветеринариялық Қазақстан Республикасының бекітілген заңнамасы тәртібінде ауданның ЖАО (облыстық маңызы бар қала) ветеринариялық есеп және есептілікті ұсыну және жүргізу;
9.тиісті аумақта жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда, бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың ұсынуы бойынша карантин режимiн немесе шектеу іс-шараларын енгізе отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы шешімдер қабылдау;
10.тиісті аумақта жануарлардыѕ жұқпалы ауруларыныѕ ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеннен кейін бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың ұсынуы бойынша шектеу іс-шараларын немесе карантинді тоқтату туралы шешімдер қабылдау;
11.ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органына тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар бойынша ұсыныстар енгізу;
12.әкімшілік-аумақтық бірлікке қатысты аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу;
13.облыста ветеринариялық қызметті жүзеге асыратын ЖАО бөлімшелері туралы ережені бекіту;
14.малдарға ветеринариялық төл құжат беру;
15.ветеринариялық анықтама беру;
16.малдардың аса қауіпті және энзоотикалық ауруларға қарсы ветеринариялық іс-шараларды орындауды қамтамасыз ету;
17.Қазақстан Республикасының бекітілген заңнама тәртібінде қызметтік жайларға ветеринариялық тосқауылдарды қамтамасыз ету;
18.ауыл шаруашылық малдардың идентификациясы бойынша мәліметтер базасының үзіндісін беру;
19.биологиялық материалды сынау және оның ветеринариялық зертханасын жеткізуді таңдау;
ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органына (әкімдікпен) ұсыныс енгізу:
агроөнеркәсіптік кешенінің даму бағдарламасын қалыптастыру және ауылдық аумақ бойынша;
20.ауыл шаруашылық малдары қорын ұстау ережесі бойынша
21.негізгі бағыттың және мемлекеттік агроазықты саясат механизмдерімен және ауылдық аумақты дамыту агроөнеркәсіптік кешені субъектлерімен түсіндірме жұмыстарын жүргізу;
22. облыс ветеринариясында мемлекеттік өкілетті органдарымен бекітілген тәртібінде, ауыл шаруашылығы малдары идентификациясын жүргізуге қатысу:
23. малды қолдан ұрықтандыратын, мал шаруашылығы өнiмi мен шикiзатын дайындайтын мемлекеттік пункттердің, ауыл шаруашылығы малын соятын алаңдардың, ал көмiндiлерінiң, пестицидтердi, улы химикаттарды және олардың ыдыстарын арнайы саќтау орындарының (көмiндiлердiң) жұмыс iстеуiне жәрдемдесу;
24. агроөнеркәсiптiк кешен мен ауылдық аумақтар саласында жедел ақпарат жинауды жүзеге асыру және оны аудандардың (oблыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдарына (әкiмдiктерiне) беру;
25. ауыл шаруашылық санағын жүргізуге қатысу;
26. шағын несиелеу бағдарламасына қатысу үшін табысы төмен деңгейлі тұлғалар анықталды;
27. жердегі елді-мекенінің мал қорының орынын анықтау;
28. осы Кодекстің 13 және 16 баптарымен қарастырылып алынып тасталған жағдайда жер участіктерін жеке меншікке және жерді пайдаланушыға ұсыну;
29. Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 69 бабына сәйкес сервитуттарды жариялымдарды бекіту;
30. аудандық (қалалық) әкімдік жер участіктерін алып тастау мәселесі жөнінде оның ішінде мемлекеттік қажеттілік үшін ұсыныс енгізу;
31. азаматтардың өтiнiштерiн, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнiнде шаралар қолданады;
32. салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi жинауға жәрдемдеседi;
33. әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаларды әзірлеп, тиісті мәслихаттың бекітуі үшін жоғары тұрған әкімдіктің қарауына енгізеді;
34. әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаны әзірлеу кезінде жергілікті қоғамдастық жиналысының талқылауына жергілікті маңызы бар мәселелерді Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің құрамында көзделген бағыттар бойынша қаржыландыру жөніндегі ұсыныстарды шығарады;
35. азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясынық, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметi актiлерiнiң, орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдар нормативтiк құқықтық актілерiнiң нормаларын орындауына жәрдемдеседi;
36. өз құзыреті шегінде жер қатынастарын реттеуді жүзеге асырады;
37. аудандық маңызы бар қаланың, кенттiң, ауылдың, ауылдық округтiң коммуналдық тұрғын үй қорының сақталуын, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалаларда, кенттерде, ауылдарда, ауылдық округтерде автомобиль жолдарының салынуын, қайта жаңартылуын, жөнделуiн және күтiп ұсталуын қамтамасыз етедi;
38. аудандық маңызы бар қалаларда, кенттерде, ауылдарда, ауылдық округтерде автомобиль жолдарының салынуын, қайта жаңартылуын, жөнделуiн және күтiп ұсталуын қамтамасыз етедi;
39. шаруа немесе фермер қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсiпкерлiк қызметтi дамытуға жәрдемдеседi;
40. өз құзыреті шегінде әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын орындауды ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;
41. әдiлет органдары жоқ жерлерде Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен нотариаттық iс-қимылдар жасауды, азаматтық хал актiлерiн тiркеудi ұйымдастырады;
42. әдiлет органдары жоқ жерлерде Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен азаматтық хал актiлерiн тiркеудi ұйымдастырады;
43. тарихи және мәдени мұраны сақтау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;
44. табысы аз адамдарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныс енгізеді, жалғызілікті қарттарқа және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйінде қызмет көрсетуді ұйымдастырады;
45. қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етеді және өзге де әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетеді;
46. жергiлiктi әлеуметтiк инфрақұрылымның дамуына жәрдемдеседi;
47. қоғамдық көлiк қозғалысын ұйымдастырады;
48. шұғыл медициналық көмек көрсету қажет болған жағдайда ауруларды дәрігерлік көмек көрсететін таяу жердегі денсаулық сақтау ұйымына дейін жеткізіп салуды ұйымдастырады;
49. жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимыл жасайды;
50. шаруашылықтар бойынша есепке алуды жүзеге асырады;
51. жергілікті бюджетті бекіту (нақтылау) кезінде қала, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихаты сессияларының жұмысына қатысады;
52. жергілікті бюджетті бекіту (нақтылау) кезінде қала, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихаты сессияларының жұмысына қатысады;
53. республикалық маңызы бар қалада, астанада, облыстық маңызы бар қалаларда орналасқан мәдениет мекемелерін қоспағанда, мектепке дейін тәрбие беретін және оқытатын ұйымдардың, мәдениет мекемелерінің қызметін қамтамасыз етеді;
54. өз құзыретi шегiнде елдi мекендердi сумен жабдықтауды ұйымдастырады және су пайдалану мәселелерiн реттейдi;
55. елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;
56. туысы жоқ адамдарды жерлеуді және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиісті қалпында күтіп-ұстау жөніндегі қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады;
57. кәсіпқой емес медиаторлардың тізілімін жүргізеді;
58. аудан орталығымен көлік қатынасын ұйымдастыру жөнінде аудандық атқарушы органға ұсыныстар енгізу;
59. аудан орталығымен көлік қатынасын ұйымдастыру жөнінде аудандық атқарушы органға сондай-ақ ауылдық жерде оқушыларды мектепке дейін және кейін қарай тегін жеткізіп салуға ұсыныстар енгізу;
60. мектепке дейінгі тәрбие беретін және оқытуда медициналық қызметті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұйымдастырады;
61. Мүгедектерге көмек көрсетуді ұйымдастырады;
62. қоғамдық жұмыстарды, жастар практикасын және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырады;
63. дене шынықтыру және спорт жөніндегі өјкiлеттi органмен және мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерiмен бiрлесiп, мүгедектер арасында сауықтыру және спорттық iс-шаралар өткiзудi ұйымдастырады;
64. мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерiмен бiрлесiп, мәдени-бұқаралық және ағарту iс-шараларын ұйымдастырады;
65. мүгедектерге қайырымдылық және әлеуметтiк көмек көрсетуді үйлестiредi;
66. халықтың әлеуметтiк жағынан әлсіз топтарына қайырымдылық көмек көрсетуді үйлестіреді;
67. ауылдық денсаулық сақтау ұйымдарын кадрлармен қамтамасыз етуге жәрдемдеседі.



Ауылдық округ тарихы

Көктау өңірі ертеде қалмақ жері болған. Қазақ пен қалмақ арасында көп жауласудың бірінде қазақтар қалмаққа ойсырата соққы беріп, қалмақты бұл арадан қуып шығып, қазақтар иеленген Ауылдың аты Қарасу деп аталуы, қазіргі ауылдың ортасындағы өтетін көпірдің су ағардың оң жақ жағалауында мөлшері 100 метрдей жерде батпаққа тұңғиыққа түйе батып өлген, сондықтан да бұл жер Қарасу атанған. 2001 жылы үш кәсіпкерлік дүкендер ашылды. «У Насимы», «Ернұр», «Жас Қанат». ОТА «Меруерт» ашылды, қазіргі кезде ДА «Киши-Қарасу» деп аталады.

Қайта құру кезеңінде шаруашылық қожалықтары ашыла бастады. Мысалы 2001 жылы олардың саны 36, қазіргі уақытта 45 шаруа қожалықтары бар.


 Мұражай тарихы

Қарасу орта мектебінде2001 жылы профеесор, экономист, репрессия құрбаны Ә.Лекеровтың 100 жылдығына арналып ашылған. Қарасу орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Абденова Айжан Ноянқызы мен бастауыш сынып мұғалімі Байсадыкова Баян Нұртайқызы бірігіп ашты. Мұражайдағы жәдігерлерді ауыл ішінен жинады. 3 жыл бұрын Қарасу ауылдық округі әкімшілік ғимаратына ауыстырылды, содан бері осы әкімшілік ғимаратында орналасқан. Ә.Лекеровтың 100 жылдығына арналып ескерткіш орнатылды. Бұл ескерткіш Қарасу орта мектебінің алдында орналасқан.
Кіші-Қарасу ауылының орталық көшесінде орналасқан 9 мамыр Ұлы Жеңіс күніне арналған сквер, Ұлы Отан соғысына қатысқан Қарасулық ардаегерлердің аттары жазылған қабырға, Ауған соғысына арналған ескерткіш 1990 жылы салынды.

 

 «Ерболат» шаруа қожалығының төлқұжаты

Басшысы: Аргимбаев Ерболат Жумагалиевич
Құрылған уақыты: 2004 жыл

«Ерболат» шаруа қожалығы - Аргимбаев Ерболат Жумагалиевич 23.09.1973 ж.т., Қазіргі уақытта Ірі қара мал саны -100 бас, соның ішінде – 67 аналық сиыр. Ұсақ мал -100, оның ішінде аналық бас -60, жылқы  – 10 бас, оның ішінде бие - 3 бас. Ауыл шаруашылық техникалары,  Т-40, МТЗ-82 тракторлары бар. Шаруа қожалығының негізгі мекен жайы: Кіші-Қарасу ауылы.
Шаруа қожалығы негізгі қызметінің негізгі бағыты: мал шаруашылығы. Жер учаскесінің уақытша өтеулі жер пайдалану құқығы – 49 жыл мерзімге алынған жер учаскелері бар. Жер учаскесінің мақсатты тағайындау – шаруа қожалығын жүргізу үшін.  Мал шаруашылығын дамыту мақсатында 2010 жылы - 849560 теңге, 2011 жылы-301500 теңге субсидия алды. Қарасу ауылдық округінде болатын мерекелік іс-шараларға, меморандум арқылы демеушілік көрсететін шаруа қожалықтарының бірі.

 

 «Низан» шаруа қожалығының төлқұжаты

Басшысы: Айсрахунов Низан
Құрылған уақыты: 1996 жыл

«Низан» шаруа қожалығы – Айсрахунов Низан 01.10.1937 ж.т.
Шаруа қожалығының негізгі мекен жайы: ШҚО Жарма ауданы Қарасу ауылдық округіне қарасты «Ақбаз» учаскесі
Шаруа қожалығы негізгі қызметінің негізгі бағыты: мал шаруашылығы. Қазіргі уақытта Ірі қара мал саны - 102 бас, соның ішінде – 60 аналық сиыр, қой -1100 бас, оның ішінде аналық бас - 700, ешкі – 350 бас, оның ішінде аналық бас – 250, Жылқы – 181 бас, оның ішінде бие - 40 бас. Ауыл шаруашылық техникалары, Т-25, МТЗ-80 тракторлары бар. Жер учаскесінің уақытша өтеулі жер пайдалану құқығы – 49 жыл мерзімге алынған жер учаскелері бар. Жер учаскесінің мақсатты тағайындау – шаруа қожалығын жүргізу үшін. Мал шаруашылығын дамыту мақсатында 2010 жылы - 760800 теңге, 2011 жылы-270000 теңге субсидия алды. Қарасу ауылдық округінде болатын мерекелік іс-шараларға, меморандум арқылы демеушілік көрсететін шаруа қожалықтарының бірі.

 

kn   Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы Қарасу ауылдық округінің 2018-2020 жылдарға дамудың кешенді жоспары   *.doc 330 KB
kn   Қарасу ауылдық округінің 2015 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму паспорты *.xls 36 KB

 

Мурағат

 Қарасу ауылдық округінің 2014 жылдың 9-айда атқарған жұмыстарының рейтингілік бағасының қорытындысы*.xls 38 kB
 Қарасу ауылдық округінің 2014 жылдың 1-ші тоқсанындағы әлеуметтік-экономикалық даму паспорты *.xls 38 kB
Қарасу ауылдық округінің 2012 жылдың 1-ші жартыжылдығының әлеуметтік-экономикалық даму паспорты*.xls 39 kB
Округтің 2011 жылға арналған әлеуметтік-экономикалық даму паспорты*.xls 38 kB
Әлеуметтік - экономикалық паспорт*.xls 14 kB
Әлеуметтік - экономикалық паспорт 2010 жыл*.xls 25.5 kB

Парақтар өзгертілді: 16-09-2019